Текст
Сынып сағаттарының мақсаты: ғарыш туралы, ғарышты зерттеу және оны халық шаруашылығында қолдану туралы жалпы ұғымдарды қалыптастыру; оқушылардың ой-өрісін кеңейту, олардың ойлау қабілетін жандандыру; Қазақстан өз аумағында ғарыш айлағы бар санаулы мемлекеттердің бірі екенін пайдалана отырып, оқушыларды патриотизм, өз Отаны үшін ұлттық мақтаныш сезіміне тәрбиелеу. 3 сынып оқушыларымен сабақ викторина түрінде өтті, 8-9 сынып оқушылары конференция түрінде Қазақстанның халықаралық ауқымда ғарышты игерудегі рөлін анықтады. Оқушылар қазақстандық ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың өмірбаянынан көптеген қызықты және пайдалы ақпаратты білді.