"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Акимовка ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Акимовка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үштұғырлы тіл- кәсіби жетістіктің белгісі»

 

«Үштұғырлы тіл- кәсіби жетістіктің белгісі»

 

 Елбасымыз өз жолдауында «Қазақстан Республикасын әлемге үш тілді жетік меңгерген, оны өмірде еркін пайдаланатын жоғарға білімді ел ретінде танылуы тиіс» - деген. Ендеше үш тұғырлы тілді меңгерту кәсіби шеберлігін жетік меңгерген ұстаздардың қолында екені даусыз. Мен алдымдағы шәкіртіме мемлекеттік тіл ана тілін меңгерту үшін ең алдымен өзімнен бастадым. Ұрпақ бойына анаға деген құрмет қандай болса, Ана тіліне деген құрмет одан да биік тұруы басты қағидам.

          Сабақ үстінде тілді меңгертудің, баланы оны қызықтыра білуінде үлкен шеберлікті талап ететінін бүгінде куәсі болып отырмын.

          Сол себепті еліміздегі, облысымыздағы, ауылымыздағы жаңалықты үш тілде телеарналардан көрсетіп, газет бетінде шыққан хабарламалардан пайдаланатын болса санасына тілдерді меңгерудің бір тәсілі өз тәжірбиесінде қолдану мен үшін үлкен  жетістік көзіне айналды. Мемлекеттік тілді толық меңгерген оқушы, ұлтаралық қатынас тілі – орыс тілінде де толық меңгере алуы бізді қуантады. Ағылшын тілі арқылы бірнеше жаңа сөз меңгерген оқушы ағылшынша сөйлей, айта білуге де құштарландыра түседі. Бүгінгі оқушы мына техниканың сан түрлі саласының дамысында талаптана білсе бәрін де меңгере алатынын әр сабағымда дәлелдеп отырамын.

          Біздің Отанымыз барлық этностардың мәдениеті мен тілін дамытуға ерекеше жағдай туып отыруы да үш тілді меңгеруге жақсы әсерін беруде. Көзі ашық, көкірегі ояу бүгінгі шәкірттің өзі де келешек өз ауылы, өз елінде ғана білім алумен шектелмейтінін жақсы түсінеді. Сол себепті өскелең ұрпақты алға жетелей білу де бүгінгі мен сияқты жас лингвистерді, құрдас әріптестерімді бейжай қалдырмайтыны анық.

          Ұстазына қарап, шәкіртін таны деген мақал тегін айтылмаса керек. Әлем халқы мойындаған ағылшын тілін, тереңдетіп үйрету, талаптанып үйрену әрине әркімнің өз үлесінде де болса да, бүгінгі әлемдегі дамыған елдерге саяхат жасаудың басты көзі.

         Әр тіл – өз ұлтының байлығы. Ана тілі, мемелекеттік тіл – елдігіміз бен ұлтым ғасырдан  ғасырға жалғасар басты мұрасы болса, орыс тілі – ұлтаралық татулығымыздың белгісі, ағылшын тілін меңгеру – ғаламдық ақпарттар мен инновациялардың ағымына ілесу. Халықымыздың үш тілді білуі, оқушы мен оқытушының үш тілді меңгеруі, әрине уақыт пен қажеттіліктен туындағаны сөзсіз.

 

 

Жаңартылған күні: 05.08.2016 14:23
Құрылған күні: 07.02.2019 13:27

Текст