"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Акимовка ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Акимовка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз мейрамы аясында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

29.03.2023

«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Акимовка ауылының негізгі орта мектебі» КММ  

Наурыз мейрамы аясында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

 

Мектепте Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өтті.

Іс-шаралардың мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстан халықтарының ұлтаралық бірлігі мен келісіміне тәрбиелеу, толеранттылыққа тәрбиелеу.

Міндеті:

1.Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру.

2.Халық шығармашылығына, оның әртүрлі жанрларына, стильдеріне қызығушылықты ояту және дамыту, халық фольклоры туралы білімдерін кеңейту.

3. Байқау мен зейінді дамыту.

4.Әр түрлі ұлт өкілдеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

       Жоспарға сәйкес, Наурыз мерекесі 13-22 наурыз аралығында өтті. Ұрпақтар сабақтастығының символы ретінде мұғалімдер мен оқушылар онкүндік бойы ұлттық костюмдер мен ұлттық элементтері бар киімдерді киіп жүрді.

       Қазақ халқының дәстүріне сүйене отырып, іс-шараларда балалардың орындауындағы әндері мен әуендері шырқалды, билер де және ұлтымыздың ұлттық аспабы домбырада да оқушылар өз өнерлерін көрсетті. "Наурыз - көктем мерекесі" мерекелік концерті өте қызықты өтті. Оқушылар қазақ халқының сал дәстүрлерінен «Тұсау кесу» рәсімін көрсетті.Іс-шараға ата-аналар және әжелеріміз шақырылып «Шашу шашу» рәсімі өткізілді. Әр сынып музыкалық нөмір мен ұлттық үстел дайындады.

     Онкүндік барысында барлық сынып жетекшілері төз отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталған «Наурыз мейрамы» тақырыбында  сынып сағаттарын өткізді.  6-сыныпта «Наурыз мейрамы - бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі» атты ашық сынып сағаты өткізілді.

 Сынып сағатының мақсаты:

- оқушылардың қазақ халқының әдет-ғұрыптары,  салт дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту және нығайту;

- ұлттық мәлениетке деген құрмет пен қызығушылық сезімін ояту.

     Сынып сағаты барысында оқушылар наурыз көже ұлттық тағамының құрамындағы 7 түрлі тағамға сәйкес келетін 7 түрлі тапсырманы орындады .

 Мектеп қабырғасында  «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынынан жарыс өтті. 1 орын 8 сынып оқушыларының  командасы, 2 орын 9 сынып оқушыларының командасы, 3 орын 7 сынып оқушыларының командасы иеленді

 

Барлық іс-шаралар жоспарға сәйкес өтті.

 

 

                                         Тәлімгер:                                   Куценко В. Ю.

Просмотров: 165


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст