Дене шынықтыру пәнінің апталығының өткізілуі туралы
ЕСЕП
Өткізу мақсаттары:
1 Оқушыларды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту;
2.Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану арқылы оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
3.2-9 сыныптар арасында ең мықты оқушыларды анықтау
2022 жылдың 10 қазан және 14 қазан аралағында Акимовка негізгі орта мектебінде дене шынықтыру және спорт апталығы өтті. Аптаның алғашқы күнінде пән апталығының ашылуына орай жиын өтті. Балалар сапта өлең айтып, осы аптаға арналған іс-шаралар жоспарымен танысты.
Апталық жоспарына сәйкес келесі іс-шаралар өткізілді:
Ұзындыққа секіру, белтемірге тартылу (балалар), ішке пресс жасау (қыздар),
Қабырға газетімен суреттер байқауы;
5-сынып оқушыларымен «Таңғы гимнастика» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабаққа сынып оқушылары белсенді қатысты.
Барлық жарыстар бойынша жарыс хаттамаларына сәйкес қорытындылар шығарылды.
14.10.22 ж. - дене шынықтыру және спорт апталығының жабылу жиыны өтті. Жиында барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Гаврилова М.А
2022-2023 оқу жылы