"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Акимовка ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Акимовка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Акимовка НОМ» КММ қыркүйек айында атқарылған тәрбие жұмысының есебі

11.10.2022

«Акимовка НОМ» КММ қыркүйек айында атқарылған тәрбие жұмысының есебі

1 қыркүйек күні мерекелік линейка және «Білімге ұмтылу еңбексүйгіштік және Отаншылдық» атты бірыңғай сынып сағаты өтті.

      Отбасы күніне орай 5 қыркүйекте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Гаврилова М.А. оқушылармен  мұғалімдердің және ата-аналардың қатысуымен жеңіл атлетикадан  «Алтын күз» атты кросс өткізді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.Мектебімізде "Менің отбасым" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

      Тіл – қарым-қатынастың ең маңызды құралы. Оның көмегімен адамдар бір-бірімен сөйлеседі, білім мен ақпаратты сақтайды және тасымалдайды. Тіл білу дегеніміз – бір-бірімен тіл табыса білу, бір-бірімен тіл табыса білу, ести және тыңдай білу, өз ойын дәл, толық жеткізу, сауатты жазу, сауатты оқу.

         12-16 қыркүйек аралығында «Акимовка негізгі орта мектебі» КММ-де Тілдер онкүндігі өтті. Ұстаздар – тіл мамандары бұған дейін үштілділікті заман талабына сай енгізуге негізделген іс-шаралар жоспарын жасаған болатын. Онкүндіктің ашылуына 2-9 сынып оқушылары қатысып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тіл, сөйлеу, сөздер туралы тақпақтар айтты. Тілдерді оқытудың өзектілігі атап өтіледі: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас, ағылшын тілі – халықаралық тіл.

Барлық сыныптарда сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арналған сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатында оқушылар  Ахмет Байтұрсынұлының тағдырынан сыр шертетін видео көрсетілімдерді көрді.

        Мектеп кітапханашысы Марина Алексеевна  «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.Мекеп оқушылар көрмеге қойылған кітаптарды тамашалады.

        Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Хойшыбай Даулетбектің ұйымдастыруымен 5-9 сыныптар арасында «Тіл мәртебесі - Ел мәртебесі»  тақырыбында дөңгелек үстел олып өтті. Дөңгелек үстел барысында оқушыар тіл жайында өздерінің ойларын ортаға салып пікір алмасты.Қазақстан Республикасының тілдер заңнамасымен танысты.

Мектебіміздің орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Коргун Лариса Петровна 5-9 сыныптар арасында «Язык – богатство народа» шығармалар  байқауы ұйымдастырылды.Байқау қортындысы бойынша 7-сынып оқушысы Бибаева Еркежан I-орынғаие болды.Шығармалар байқауына белсене қатысқаны үшін Мамедова Н, Августович В мақтау қағаздарымен марапатталды.

      Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Хойшыбай Даулетбектің ұйымдастыруымен 5- сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.Байқауға Акимовка НОМ директоры Власенко Е.А және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айгерім Жанахметқызы әділқазылық етті.Байқау қортындысы бойынша       

       5-6 сыныптар арасында:

I-Непомящая Галина 5-сынып оқушысы

II-Шепетько Диана 5-сынып оқушысы

III-Косембаева Жансая  5-оқушысы

     7-9 сыныптар арасында:

I-Магаметова Ұлмекен 9-сынып оқушысы

II-Маер Николай 9-сынып оқушысы

III-Бибаева Еркежан 7-сынып оқушысы

III-Мамедова Наталья 7-сынып оқушысы

Тілдер онкүндігі аясында 7-9 сыныптар арасында «ХХI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойын өткізді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың қазақ  тіліне деген танымдық қызығушылығын дамыту, ой-өрісін кеңейту. Бұл шарада 7-сынып оқушылары I-орын иеленді. 9-сынып оқушылары II-орынға ие болды және 8-сынып оқушылары III-орын алды.

          Тілдер онкүндігін белсене қатысқан және жүлделі орын алған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

         19-24 қыркүйек аралығында «Күзгі қиялдар» атты күзгі қолөнер көрмесі өтті. 23 қыркүйекте кіші және жоғары сыныптар арасында Күзгі бал кеші ұйымдастырылды.

         Қыркүйек айының 29 күні мектеп президенттін сайлауы өтті.. Мектеп президенттігіне 5 үміткер өзінің  кандидатурасын ұсынды (Шепетко Д, Бибаева Е, Непомяшчая Г, Чепенко И, Сидифарова К). Сайлау қорытындысы бойынша мектеп президенті болып 8-сынып оқушысы Сидифарова К. сайланды.Мектептің кеңесшісімен бірге мектептің өзін-өзі басқару жұмыс жоспары құрылып, жиналыс өткізілді.

қыркуйек

       29 қыркүйек күні мектебімізде Мұғалімдер күніне орайластырлыған өзін-өзі басқару күні өтті.Барлық келісілген тақырыптарға оқушылар алдын-ала дайындалған.Мектеп диеркеторын 9-сынып оқушысы Маер Николай алмастырды.Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Просмотров: 216


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст