Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Акимовка ауылының ЖББОМ» КММ
"Қазақстан балалары-көктемгі тамшы" көктемгі демалыс кезеңінде өткізілетін іс-шаралар бойынша ақпарат
Мектепте көктемгі демалыс кезінде сапалы және қауіпсіз демалысты ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өтті.Тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың интеллектісін дамыту, денсаулығын нығайту және бос уақытын өткізу үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында өткізілді.
Іс-шаралар балалардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып ойластырылды. Біз келесі тәрбиелік аспектілерді қамтуға тырыстық:шығармашылық әлеуетті дамыту;білімқұмарлықты дамыту; спорттық дағдыларды дарыту.
Балалардың денсаулығын қорғау, олардың демалыс кезіндегі қауіпсіз мінез – құлқы-тәрбие жұмысының маңызды міндеттерінің бірі. Каникул қарсаңында барлық сыныптарда көктемгі су тасқыны мен мұз қату кезеңіндегі жүріс-тұрыс ережелері бойынша әңгімелер мен нұсқаулықтар жүргізілді.
Демалыстың әр күні белгілі бір тақырыпқа және тәрбие бағыттарының біріне сәйкес келді. Табиғат күні "Экология және Біз" атты сыныптан тыс іс-шара өтті . Спорттық белсенділік күні жоғарғы және төменгі сынып оқушылары "Станцияларға саяхат" спорттық ойынына қатысты. Демалыс кезінде "Менің ең жақын досым кітабы" акциясы өткізілді, онда балалар оқылған шығарма туралы айтып, жағымды және жағымсыз кейіпкерлердің сипаттамаларын жасады. Қазақстанның тарихи, қорық орындарына экскурсиялар өткізілді. Игі істер күні мектептің өзін-өзі басқару көшбасшылары жалғыз басты зейнеткерлердің пәтерлеріне барып, шаруашылық, қар тазалау бойынша көмек көрсетті.
Балалардың түрлі іс-шараларға қатысуы әлеуметтік белсенділікті арттырды, оларға өз қабілеттері мен таланттарына сенімділік берді.
Барлық іс-шаралар жоспарға сәйкес өтті (қоса беріліп отыр)
Фотодағы кейбір іс-шаралардың үзінділері