Текст
13.03.2026
«Акимовка ауылының НОМ» КММ-де «Интернеттегі қауіпсіздік» тақырыбында әңгіме өткізілді. Мақсаты: оқушыларға интернет желісінде қауіпсіз мінез-құлық туралы түсінік қалыптастыру, интернетте қарым-қатынас жасау және жұмыс істеу кезінде кездесетін қауіптердің алдын алу, сондай-ақ цифрлық кеңістікте өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Әңгіме барысында оқушыларға интернетті қауіпсіз пайдалану ережелері туралы айтылды, бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді айтуға болмайтыны, күмәнді сілтемелерге өтпеу керектігі және компьютер алдында ұзақ отырмау қажеттігі түсіндірілді.