Текст
09.01.2026
Қысқы демалыс кезеңіне арналған жұмыс жоспарына сәйкес мектепте білім алушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және оқырмандық мәдениетін дамыту мақсатында «Демалыста оқимыз!» атты акция ұйымдастырылды. Акция аясында білім алушылар каникул кезеңінде көркем әдебиетті оқуға белсенді түрде қатысты. Балалар өздерінің сүйікті кітаптарын оқып, оқыған шығармалары бойынша әсерлерімен бөлісті, шығарманың мазмұны мен кейіпкерлерін талқылады.
Аталған акцияның өткізілуі білім алушылардың танымдық белсенділігінің артуына, оқырмандық көкжиегінің кеңеюіне және оқуға деген тұрақты қызығушылықтың қалыптасуына ықпал етті.