29.12.2025
2025 жылғы 29 желтоқсанда «Акимовка ауылының НОМ» КММ-де сынып жетекшілері тарапынан қысқы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың жеке қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, қысқы каникул кезеңінде жазатайым оқиғалар мен жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ тұрмыста, көшеде және қоғамдық орындарда қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтауын қамтамасыз ету.
Нұсқама барысында білім алушылармен қыс мезгіліндегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, жол қозғалысы ережелері, мұз үстінде болғанда, төмен ауа температурасы жағдайында, пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде сақтық шаралары, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелері мен төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету тәртібі қарастырылды.