Текст
03.11.2025
«Акимовка ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де «Заң және Біз» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараға 5–9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар екі топқа бөлініп, әр топ өз көшбасшысын таңдады. Көшбасшылар балалардың құқықтары мен міндеттері және заңдарды сақтаудың маңызы туралы презентациялар дайындады. Топтар тапсырмаларды орындап, викторина сұрақтарына жауап беріп, құқықтық ребустарды шешіп, түрлі жағдаяттық ойындарға қатысты. Іс-шара қызықты әрі танымды түрде өтіп, оқушылардың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, тақырып бойынша жақсы білімдерін көрсетті.