Текст
03.11.2025
Күзгі демалыс жоспарына сәйкес «Қауіпсіз демалыс» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға жол ережелерін сақтау, өрт қауіпсіздігі, тұрмыстық қауіпсіздік және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірілді. Балалар түрлі жағдаяттарды талқылап, дұрыс әрекет ету жолдарын үйренді. Сонымен қатар, викторина ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар марапатталды. Іс-шара оқушылардың қауіпсіздік туралы білімдерін нығайтып, демалысты қауіпсіз әрі қызықты өткізуге бағытталды.