26.09.2025
18 қыркүйегінде «Акимовка ауылының НОМ» КММ-де алғашқы жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. «Мектеп және отбасы: адал және жауапты азаматты тәрбиелеудегі ынтымақтастық» тақырыбындағы ата-аналар жиналысының күн тәртібінде:
1. Адал Азамат Тәрбиелеу: «Ата-ана, Мұғалім және Мектеп ынтымақтастығы» тақырыбында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасына шолу жасау;
2. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының қызметін ұйымдастыру бойынша нұсқаулығымен және бағдарламасымен таныстыру;
3. «ДОСБОЛIKE» білім беру ұйымдарында білім алушыларды жәбірлеудің алдын алу бағдарламасы туралы түсінік беру;
4. Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрықпен таныстыру;
5. Мектептің ата-аналар комитетінің төрағасын сайлау мәселелері қарастырылды.