Текст
«Акимовка ауылының негізгі орта мектебі» КММ — де балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау — «Баланың әл-ауқаты-мемлекеттің қамқорлығы»тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесудің басты мақсаты білім алушыларда балалардың қандай құқықтары бар екенін, олардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекет қандай рөл атқаратынын, сондай-ақ өз құқықтарын білу және қорғау неге соншалықты маңызды екенін түсінуді қалыптастыру болды.