Текст
7-сыныпта «Суды үнемде-болашақты сақта!» атты сынып сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың су ресурстарына саналы және ұқыпты қарауын қалыптастыру, судың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын түсіну, сондай-ақ экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеу. Балалар әлемде және Қазақстанда тұщы су тапшылығы проблемалары туралы білді, танымдық бейнематериалдарды көрді, үйде және мектепте суды қалай үнемдеуге болатынын талқылады. Сынып сағатының соңында оқушылар тақырыптық плакат дайындады.